Компанияның әлеуметтік пакеттері
Біздің құндылығымыз - кәсібилік-даму
Harvard Business School-да оқу мүмкіндігі
Қызметкерге қойылатын талаптар:
- TAS GROUP компаниялар тобындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;
- қазақ тілін еркін меңгерген, ағылшын тілі деңгейі: IELTS 7 +
- соңғы 1 жыл көлемінде ескерту алмаған;
- таңдалатын оқу бағыты компанияда атқарып жүрген қызметіне тікелей қатысты болу қажет
Сырттай қашықтықтан оқу мүмкіндігі
Lerna.kz — ТМД елдері бойынша Skillbox, GeekBrains, SkillFactory сияқты жетекші онлайн мектептерінің курстарын бір жерден оқу мүмкіндігін беретін платформа.
Сырттай қашықтықтан оқу платформасы
Оқудың негізгі бағыттары:
Ішкі оқыту
- Hard skills
- Soft skills
- Қазақ және ағылшын тілдерін оқыту
Біздің құндылығымыз - беріктік-қамқорлық
Жылдық мотивациялық сыйақы
Қызметкерлерге жыл соңында сыйақы төлеудің негізі әрбір жұмысшының компанияның «Кәсібилік және даму» құндылығына деген ұмтылысы болып табылады. Компанияның әрбір қызметкері жылына 1 рет тестілеуден өтеді. Сыйақы 75% дан 100% дейін жинаған жұмысшыға беріледі.
- Жұмыс өтілі 2 айдан 5 айға дейін – айлығының сомасынан 25%;
- Жұмыс өтілі 5 айдан 8 айға дейін – айлығының сомасынан 50%;
- Жұмыс өтілі 8 айдан 11 айға дейін – айлығының сомасынан 75%;
- Жұмыс өтілі 11 айдан асқанда айлығының сомасынан 100%.
Компанияда ұзақ мерзімді мотивациялау жүйесі бар
«Опциондық бағдарлама»- Белгіленген көрсеткіштерге жеткеннен кейін осы бағдарламаға енгізілген қызметкерлер бизнестен үлес немесе ақшалай сыйақы алады.
Ауырған 3 күнін компания 100 % төлейді (жылына 1 рет)
Қызметкерлерді ауырған кезінде қолдау мақсатымен компания жылына 1 рет ауырған 3 күнін
100 % төлейді.
Қуанышты және қайғылы жағдайларда қызметкерлерге қолдау көрсету
Алғашқы рет неке қиғанда — 237 000 (Екі жүз отыз жеті мың) теңге;
Бала туғанда -150 000 (Жүз елу мың) теңге;
Қайғылы жағдайларда — 237 000 (Екі жүз отыз жеті мың) теңге.
Жалақыны жылсайынғы индексациялау (Инфляция деңгейіне байланысты жалақының өсуі)
Компания қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық таныта отырып «WORKOUT FITNESS & GYM» клубтар желісінің абонементінің 50 % құнын өтеп береді.
Корпоративтік спорт
Біздің компаниямының әлеуметтік саясаттағы маңызды бағыттарының бірі — салауатты өмір салтын насихаттау.
Компания қызметкерлердің жаттығуы үшін футбол алаңын жалға алу ақысын төлейді
