шындық айнасы

Компания қызметкерлерінің басты қасиеттерінің бірі ретінде адалдықты дәріптеу, компания құндылықтары-адалдық пен сенімді сақтау және ұстану, корпоративтік мәдениетті дамыту.

Мақсаты — Компания қызметкерінің басты қасиеттернің бірі ретінде адалдықты дәріптеу, компания құндылықтары -адалдық пен сенімді сақтау және ұстану, корпоративтік мәдениетті дамыту.

Науканның талаптары:

  • Науканға қатысушы келесі шарттарды нақты сақтауға міндетті:

  • Айналаңыздағы адамдармен адал қарым-қатынас жасау;

  • Әзілдеп болса да өтірік айтпау;

  • Тіпті ұсақ-түйек дүние болса да, жақын туыстарыңа, жұбайыңа, балаларыңа ешқашан өтірік айтпау;

  • Әріптестеріңізге жұмыс мәселелері бойынша тек адал жауап беру;

  • Клиенттеріңіз бен әріптестеріңізге сенімді және тексерілген ақпарат беру;

  • Жұмыс жағдайларында -тапсырмаларды кешіктірген кезде, қателік жасаған немесе басқа да осыған ұқсас жағдайларда, кемшіліктіріңізді шын көңілмен мойындау;

  • Командаға жұмыс орнында болмауы, жұмысқа кешігуі туралы жасырмай, бүкпесіз хабарлау;

  • Қызмет бабын теріс пайдаланбай, клиенттерге адал және сапалы түрде қызмет көрсету;

  • Әріптестермен өзара қарым-қатынас кезінде лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып, әділетсіз айла-шарғыға (манипуляцияға) барудан аулақ болу;

  • Атқаратын лауазымына қарамастан барлық қызметкерлермен тең дәрежеде және адал қарым-қатынас жасау;

  • Әріптестердің әділетсіз әрекеттерін жасырмау;

2022 және 2023 жылдары «Шындық айнасының» жеңімпазы Нұрсултан Муслимов Вьетнамға жолдама иегері атанды.

Компаниямыз жайлы барлық ақпаратпен Welcome book арқылы таныса аласыз