шындық айнасы
Компания қызметкерлерінің басты қасиеттерінің бірі ретінде адалдықты дәріптеу, компания құндылықтары-адалдық пен сенімді сақтау және ұстану, корпоративтік мәдениетті дамыту.
Мақсаты — Компания қызметкерінің басты қасиеттернің бірі ретінде адалдықты дәріптеу, компания құндылықтары -адалдық пен сенімді сақтау және ұстану, корпоративтік мәдениетті дамыту.
Науканның талаптары:
Науканға қатысушы келесі шарттарды нақты сақтауға міндетті:
Айналаңыздағы адамдармен адал қарым-қатынас жасау;
Әзілдеп болса да өтірік айтпау;
Тіпті ұсақ-түйек дүние болса да, жақын туыстарыңа, жұбайыңа, балаларыңа ешқашан өтірік айтпау;
Әріптестеріңізге жұмыс мәселелері бойынша тек адал жауап беру;
Клиенттеріңіз бен әріптестеріңізге сенімді және тексерілген ақпарат беру;
Жұмыс жағдайларында -тапсырмаларды кешіктірген кезде, қателік жасаған немесе басқа да осыған ұқсас жағдайларда, кемшіліктіріңізді шын көңілмен мойындау;
Командаға жұмыс орнында болмауы, жұмысқа кешігуі туралы жасырмай, бүкпесіз хабарлау;
Қызмет бабын теріс пайдаланбай, клиенттерге адал және сапалы түрде қызмет көрсету;
Әріптестермен өзара қарым-қатынас кезінде лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып, әділетсіз айла-шарғыға (манипуляцияға) барудан аулақ болу;
Атқаратын лауазымына қарамастан барлық қызметкерлермен тең дәрежеде және адал қарым-қатынас жасау;
Әріптестердің әділетсіз әрекеттерін жасырмау;