Біздің құндылығымыз -
команда-бірлік

Компанияның корпоративтік өмірі

Компаниямыздың негізгі міндеттерінің бірі қызметкерлерге жұмыс жасауға жайлы орта қалыптастыру және корпоративтік мәдениетті дәріптеу.

Компанияда әртүрлі науқандар мен сайыстар, дамыту семинарлары мен лекциялар жиі өткізіліп тұрады.

Біз ұлттық құндылықтарымыз бен ана тілімізді жоғары дәрежеде құрметтейміз және ұлт жанашыры болуға ұмтыламыз. Сондықтан компаниямызда ресми іс-қағаз тілі — қазақ тілі.

Дресс-код — «Smart casual» стиль
(ағыл. «күнделікті сәнді стиль») – күнделікті кеңседе киетін еркін стиль, әдемі, жарасымды үлгі.

Жұма күндері біз брендке айналған «Қазақша сөйле» деген жазуы бар футболка киеміз.

Науқан

Quriltay

Іс-шаралар

Қоғамдық қор

Шындық айнасы

Компания қызметкерлерінің басты қасиеттерінің бірі ретінде адалдықты дәріптеу, компания құндылықтары-адалдық пен сенімді сақтау және ұстану, корпоративтік мәдениетті дамыту.

Қазақша сөйле

Мақсаты – «Мемлекеттік тілдің пайдалану аясын кеңейту»

 

КОМПАНИЯНЫҢ КОРПОРАТИВТІК ДӘСТҮРІНІҢ КҮНТІЗБЕСІ

Қаңтар
Ақпан

23 ақпан
TASCREDIT брендінің туған күні

Наурыз

8 наурыз
Халықаралық әйелдер күні
TAS Group

Сәуір

TAS FAMILY
15 сәуір
Ұлттық Ғашықтар күні

Мамыр

7 мамыр
Отан қорғаушылар күні
TAS Group

Маусым

Қазақша сөйле

Шілде

Шілденің бірінші жексенбісі
Ұлттық Домбыра күні

Тамыз

Абай күні

Ақын Абай Құнанбаевтың
туған күні

Қыркүйек

1 қыркүйек
Қызметкерлердің
1 сыныпқа баратын балаларына сыйлық беру

Қазан

Tas Group CUP

Үстел теннисі бойынша қызметкерлер арасында турнир өткізу

Қараша

15 қараша
Ұлттық валюта күні
TasGroup Intellect ойыны

Желтоқсан

16 желтоқсан

Қызметкерлердің
балаларына сыйлық беру

Assyltas қоғамдық қоры

Қорының ұраны — Берген қол — алған қолдан қайырлы!

Басты миссиясы — инновацияға ден қойып, қазақ тілін қалың бұқара, іскерлік ортаның тіліне айналдыру, қайырымдылық жасау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлттық мүдде жолында еңбек ету.

Қордың құрылтайшысы — Тастекей Дулат Тұрсынұлы

Қордың жетекшісі — Оқасов Рауан Есенкелдіұлы

Қоғамдық қорының негізгі міндеттері:

  • Қазақ тілінің аясын кеңейту
  • Өңірді дамыту
  • Қазақ өнерін қолдау
  • Қазақ спортын дамытуды қолдау
  • Қайырымдылық жобаларды іске асыру
  • Талантты азаматтарға қолдау көрсету

Жобалар

  • «Бір асыл іс» жобасы аясында 2022 жылы ASSYLTAS қоғамдық қоры Астана қаласының 37 жастағы тұрғыны Ақарыс мырзаға (Мүмкіндігі шектеулі жан) автокөлік сыйлады
  • «Тамырыма байланған, тағдырыма айналған – Тарбағатай»
  • «Тарихқа толы Тарбағатай»
  • «Ғажайып өлке»
    «100 өлең жобасы»
  • Assyltas TV
  • «Алып-анадан туады»
  • «Әр қазақ-менің жалғызым»
  • «Аssyltas» стипендиясы
  • «Тарбағатай – алтын қазық»
  • «Алтын ұя»
  • «Тұғыры биік –Тарбағатай»

TAS GROUP Quriltay

TAS GROUP компаниялар тобының құндылықтарының бірі — Команда-Бірлік. Сондықтан, қызметкерлердің жыл сайынғы кездесуі Корпоративтік дәстүрге, компания құрылған күннен басталған үрдіске айналды десек те болады. Біз, Алматы қаласында өткізілетін, әріптестерімізбен кездесуді асыға күтеміз. Өткен 2022 жылы кездесуге алғаш рет «TAS GROUP Quryltai» деген атау берілген. «TAS GROUP Quryltai» – ды өткізудегі мақсат-әріптестерімізді  біріктіріп, әр қызметкер үлкен бір компанияның бір бөлігі екенін және әрқайсысының бір мақсатқа жету үшін өзіндік ықпал ететін рөлі бар екенін көрсетіп, сезіндіру. Сондай-ақ, бір жыл бойы атқарылған жұмысымыздың нәтижесімен бөлісіп, компанияда 5 жыл және одан артық  жұмыс істеген қызметкерлерді марапаттап, қызметкерлердің бойына компания үшін мақтаныш пен ауызбіршілік сезімін ұялату.

TAS GROUP Quryltai 2022 іс шарасынан бақытты сәттер

IMG_20230720_172532_623
IMG_20230720_172532_309
-5325682713610534151_121
IMG_20230720_172616_530
IMG_20230720_172532_284
IMG_20230720_172532_389

"Quryltai 2023" мерекелік іс-шарадан естелік

-5309935593976876406_121
-5309935593976876403_121
-5309935593976876400_121
-5309935593976876396_121
-5309935593976876404_121
-5309935593976876405_121
-5309935593976876398_121
-5309935593976876402_121
-5309935593976876395_121
-5309935593976876397_121

Компаниямыз жайлы барлық ақпаратпен Welcome book арқылы таныса аласыз