Компанияның әлеуметтік пакеттері

Біздің құндылығымыз - кәсібилік-даму

Harvard Business School-да оқу мүмкіндігі

Қызметкерге қойылатын талаптар:

  • TAS GROUP компаниялар тобындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;
  • қазақ тілін еркін меңгерген, ағылшын тілі деңгейі: IELTS 7 +
  • соңғы 1 жыл көлемінде ескерту алмаған;
  • таңдалатын оқу бағыты компанияда атқарып жүрген қызметіне тікелей қатысты болу қажет

Сырттай қашықтықтан
оқу мүмкіндігі

Lerna.kz — ТМД елдері бойынша Skillbox, GeekBrains, SkillFactory сияқты жетекші онлайн мектептерінің курстарын бір жерден оқу мүмкіндігін беретін платформа.

Сырттай қашықтықтан оқу платформасы

Оқудың негізгі бағыттары:

Маркетинг, бағдарлама жасау, дизайн, басқару, ойындар, мультимедиа

Ішкі оқыту

  • Hard skills 
  • Soft skills 
  • Қазақ және ағылшын тілдерін оқыту

Біздің құндылығымыз - беріктік-қамқорлық

Жылдық мотивациялық сыйақы

Қызметкерлерге жыл соңында сыйақы төлеудің негізі әрбір жұмысшының компанияның «Кәсібилік және даму» құндылығына деген ұмтылысы болып табылады. Компанияның әрбір қызметкері жылына 1 рет тестілеуден өтеді. Сыйақы 75% дан 100% дейін жинаған жұмысшыға беріледі.

  • Жұмыс өтілі 2 айдан 5 айға дейін – айлығының сомасынан 25%;
  • Жұмыс өтілі 5 айдан 8 айға дейін – айлығының сомасынан 50%;
  • Жұмыс өтілі 8 айдан 11 айға дейін – айлығының сомасынан 75%;
  • Жұмыс өтілі 11 айдан асқанда айлығының сомасынан 100%.

Компанияда ұзақ мерзімді мотивациялау жүйесі бар

«Опциондық бағдарлама»- Белгіленген көрсеткіштерге жеткеннен кейін осы бағдарламаға енгізілген қызметкерлер бизнестен үлес немесе ақшалай сыйақы алады.

Ауырған 3 күнін компания 100 % төлейді (жылына 1 рет)

Қызметкерлерді ауырған кезінде қолдау мақсатымен компания жылына 1 рет ауырған 3 күнін
100 % төлейді.

Қуанышты және қайғылы жағдайларда қызметкерлерге қолдау көрсету

Алғашқы рет неке қиғанда — 237 000 (Екі жүз отыз жеті мың) теңге;

Бала туғанда -150 000 (Жүз елу мың) теңге;

Қайғылы жағдайларда — 237 000 (Екі жүз отыз жеті мың) теңге.

Жалақыны жылсайынғы индексациялау (Инфляция деңгейіне байланысты жалақының өсуі)

Компания қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық таныта отырып «WORKOUT FITNESS & GYM» клубтар желісінің абонементінің 50 % құнын өтеп береді.

Корпоративтік спорт

Біздің компаниямының әлеуметтік саясаттағы маңызды бағыттарының бірі — салауатты өмір салтын насихаттау.

Компания қызметкерлердің жаттығуы үшін футбол алаңын жалға алу ақысын төлейді

2_5294288465020597452

Компаниямыз жайлы барлық ақпаратпен Welcome book арқылы таныса аласыз